Сіздерді «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ Басқармасының жаңа төрағасымен таныстырамыз. Акушерия саласында тәжірибесі бар жоғары санатты акушер-гинеколог, жоғары біліктілік санаты бар денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушы, медицина ғылымдарының кандидаты, МВА магистрі және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі Гүлфайруз Ғалымқызы Уразбаева.
Гүлфайруз Ғалымқызы С.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының түлегі.
Алматы қаласындағы Республикалық ана мен бала ғылыми-зерттеу институты аспирантурасының күндізгі бөлімінде оқыды. Кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.
Гүлфайруз Ғалымқызы бұған дейін 11 жыл бойы Астана қаласы әкімдігінің «№2 перинаталдық орталық» КМҚК директоры қызметін атқарған.
2007-2011 жылдары Астана қаласындағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ жүктілік патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1995-2007 жылдар аралығында Алматы қалалық №2 перзентханасында қызмет етіп, ординатор дәрігерден бастап бөлімше меңгерушісі лауазымына дейінгі еңбек жолы сатысынан өтті.