2017 жылғы 14-15 сәуірде Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының базасында (Алматы қ., Достық даңғылы, 125) акушерия, гинекология және перинатология мамандарына арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференция Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің, Медициналық ашық институтының (Австрия), Вена Медицина  университетінің (Вена қ., Австрия) қолдауымен Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы мен «Білім-Орталық Азия» білім беру орталығы ұйымдастырады.
ҚР ғалымдарының, дәрігерлері мен медицина қызметкерлерінің қатысуы жоспарланған.
Медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Вена медицина университетінің халықаралық дипломнан кейінгі білім беру бөлімі мен акушерия және гинекология бөлімшесінің басшысы  Кристиан Дадак Қазақстанда алғаш рет бас спикер болады.
Конференция аясында медицина қызметкерлерінің назарына ұсынылады:
- лектормен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі бар семинар,
- пікірталас,
- шеберлік-сабақ.
Конференция жұмысындағы басты бағыттар ретінде келесі тақырыптар бойынша презентациялар таңдалды:
•    Перинатальный уход и образ жизни во время беременности.
•    «Подводные камни» в акушерстве.
•    Дистоция плечиков.
•    Рак и беременность.
Конференцияға қатысу тегін.
Конференцияға қатысқан медицина мамандарына сертификаттар беріледі.
Қатысуға өтінімдер: educ.ncagip@inbox.ru жіберілсін, тел. +7 727 300 45 58.
Сонымен қатар, аталған іс-шараны жариялау үшін БАҚ өкілдері де шақырылады.
Аккредиттеу үшін ҚР ДСМ АГжП ҒО баспасөз қызметіне: тел. +7 727 300 46 14, е-maila.myrzakhanova@list.ru. хабарласуға болады.