Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесі мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты жариялайды.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс:
Кәсіпорынның орналасқан жері: 050020, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 125-үй.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Казақстан әйелдерінің денсаулығын қорғау, ана мен перинаталдық сырқаттанушылықты және өлім-жітімді төмендету болып табылады.
Конкурс мүшелеріне қойылатын талаптар:жоғары білімі, сондай-ақ төмендегі талаптардың бірі болуы тиіс:
1) денсаулық сақтау саласындағы кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау саласындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды.
2. Мынадай:
1) соттылығыөтелмегеннемесеалынбаған;
2) заңдытұлғаны банкрот дептанутуралышешімқабылданғанғадейінбіржылданастам осы заңдытұлғаныңбасшысыболған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайланбайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін түрде);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;
6) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының нотариалды расталған көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) 010000 Астана қаласы, Мәңгілік Ел  8  даңғылы, Министрліктер үйі, кіреберіс 5, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атына бағытталуы тиіс;
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Акушерлік; гинекология және перинатология ғылыми орталығы» қадағалау кеңес мүшелерінің конкурсы «19» маусым2017ж. 10 сағат 00 минутіне  дейін «Ашуға болмайды» деген сөздерді қамтуы тиіс.
Конкурстық өтінім бір-бір данаданмемлекеттік және орыс тілдеріндежіберіледі.
Конкурске қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдаған күні бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты жүргізу туралы хабарландыруы орналастырылған күннен бастап айқындалады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты жүргізу туралы хабарландыру күннен бастап, конкурске қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдауы отыз күн өткен соң аяқталады.
Конкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде әңгімелесуден өтеді.

Анықтама алу телефондары:8 (727) 300-46-45, 300-45-07;

Заңды мекенжайы:
ҚР, 050020, Алматы қаласы, Достық даңғылы, № 125 үй

БИН 990240003283
ИИК: KZ896010131000319996
БИК: HSBKKZKX
АОФ АО  «Народный Банк Казахстана» г.Алматы
Телефон  300-45-07, 300-46-09
E-mail: rnicozmir _50@ mail.ru