Ана мен бала денсаулығын қорғау Республикалық ғызыми-зерттеу орталығының репродуктология және ЭКҰ бөләмшесі 1999 жылы ҚР Мәжіліс сенаторы Н.К.Каюпованың бастамасымен отбасын жоспарлау және жасанды инсеминация емханалық бөлімшелерінің кабинеттері базасында құрылған (ҚР ДСМ 02.05.99 ж. №23/126 бұйрығы).

Репродуктивті медицинаның құрылуы мен келешегі, сондай-ақ Қазақстан халқының репродуктивті денсаулығын қорғау ұлттық саясатын іске асыру ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығының отыз жылдық қызметімен тығыз байланысты.

Бөлімге Орталықтың жетекші мамандары – Л.С.Каюпова, ЭКҰ бөлімшесінің меңгерушісі – М.С.Батырханов ауыстырылды. Кейіннен сайысқа түсу негізінде М.Ш.Баймишева бөлімнің жетекшісі болып тағайындалды.

2005 жылы ғылыми зерттеулер бағыттарын біріктіру мақсатында бөлімдер бойынша зерттеу жоспарларына түзету енгізілді және осыған байланысты қайта ұйымдастыру жүргізілді: репродуктология бөлімі таратылып, оның негізінде құрамына ЭКҰ бөлімшесі кірген репродуктивті технологиялар бөлімі құрылды. Г.М.Исина бөлім басышы ретінде тағайындалды.


2004 жылдан бөлім басшылары болды:

Исина Гульжан Муратовна – қосымша репродуктивті технологиялар бөлімінің жетекшісі (2004 - 2007);

Примбетов Берик Узакбаевич – ЭКҰ зертханасының меңгерушісі (1999 - 2005);

Батырханов Мархабат Серикбаевич – эмбриолог (1999 - 2004);

Асанова Елена Александровна –эмбриолог (2004 - 2008);

Валиев Равиль Камильевич –акушер-гинеколог дәрігер (2004);

Жайлаубекова Жадыра Аухановна –эмбриолог(2004);

Рыбина Анастасия Николаевна –акушер-гинеколог дәрігер(2009).

2008 жылдан Валиев Равиль Камилевич–ЭКҰ бөлімшесінің меңгерушісі.

Қосымша репродуктивті технологиялар бөлімі зерттеулерінің мақсаты: бедеуліктің түрлі формалары кезінде репродуктивті ағза қызметінің бұзылуының патогенетикалық механизмдерін зерттеу және қосалқы репродуктивті технологиялардың әдістерін оңтайландыру. Ғылыми қызметтің нәтижесінде отандық және 11 шетелдік баспа беттерінде репродуктивті технологияларға арналған 43 мақалалар мен тезистер жарияланды. 2007 жылы «ЭКҰ әдісімен емдеу ережесі» әдістемелік ұсынысы жарияланды. Зертхана қызметкерлері ҚР ДСМ бұйрықтарын әзірлеуге, республикалық, халықаралық конференциялар ұйымдастыруға ат салысады. ЭКҰ зертханасының жұмыс істеуі кезеңіндже


2 ғылым кандидаты даярланды. Орталық ашылған уақыттан бері 27000 астам бедеу ерлі-зайыптыларға кеңес беріліп, 5500 астам жатырішілік инсеминация және 1500 астам ЭКҰ және ПЭ бағдарламасы іске асырылды. ЖІИ бағдарламасының орта салмақты 22,3%, 32,7% - ЭКО и ПЭ (ЭКО + ИКСИ 33,5%).

2010 жылдан 020/у нысаны бойынша ЭКҰ және ПЭ процедуралары жүргізіледі.

Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының экстракорпоралды ұрықтандыру зертханасының ұжымы жұмыстарының нәтижесін көрсетті. Біздің парақшамызда бедеулік проблемалары жайлы, оларды шешу жолдары, сондай-ақ ҚРТ сатылары көрсетілетін болады.