1459144113 foto centra na sayt min

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы1975 жылы құрылған. Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау, перспективалық ғылыми зерттеулерді анықтау және үйлестіру, әлемдік ғылыми қоғамдастыққа ықпалдасу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша Қазақстандағы ірі ғылыми мекеме болып табылады.

Орталықта жыл сайын Қазақстанның әр аймақтарынан, соның ішінде 80 % республиканың оңтүстік өңірлерінен (Алматы, Маңғыстау, ОҚО, Қызылорда, Жамбыл және т.б. облыстардан) келген 7000 астам жоғары қауіп-қатер санатына жататын жүкті әйелдер мен гинекологиялық науқастарға жоғары мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетіледі. Көмек көрсету көлемінің ұлғаюы нозологияның ауыр түрлеріне қатысты. Сонымен ауыр экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдерді декомпенсайия және субкомпенсация сатысында емдеу 1,5-2 есені құрады. Жүкті әйелдердің 70% астамы ауыр экстрагениталды және акушерлік патологиямен ауруханаға жатқызылады. Мерзімінен бұрын жедел босандыру қажеттілігі салдарынан артқан айы толмай босандыру саны 10,9%, периналадық көрсеткіштердің төмендеуіне әсер етпеді. Жыл сайын реанимация бөлімінде дене салмағы төмен және күрт төмен 350 жуық нәрестелер емделеді.

Перинаталдық өлім-жітім 2010 ж. 23,8-ден 11,9 дейін (2013ж.) төмендеді, соның ішінде ерте неонатальдық өлім-жітімнің 2010 ж. – 10 көрсеткіші 2013 жылы – 5,6 кеміген. Орталықтың емханасында 14 мамандық бойыншажылына республиканың әр өңірінен келген 30000 астам әйелдерге консультациялық көмек көрсетіледі.

805 мың жүкті әйелдер генетикалық скринингтен өткен, 19 мың әйелге инвазиялық пренатальды емшаралар жүргізіліп, жатыр ішінде Даун синдромы бар 893 шарана, ҰТА бар 5600 бала анықталып алдын алу шаралары жүргізілді.

Туа біткен гипотиреоз және фенилкетонурия – тұқым қуалаушылық екі ауруға неонатальды скрининг жүргізіледі. 2007 жылы неонатальды скринингпен қамту 51,9% -дан 2013 жылы 87,4%-ға дейін артты. Скрининг жүргізу жылдары ішінде 1145706 нәресте тексеріліп, ФКУ бар 52 сәби, туа біткен гипотиреозы бар 156 сәби анықталған. ФКУ бар балалар МГК диспансерлік есепке алынған, тегін диета терапиясын алады, жүйелі түрде тексеріліп, емдеу тиімділігі бақылауға алынған. Туа біткен гипотиреозы бар балалардың барлығы эндокринологта емделеді және мүгедектікке шалдығу салдарына ие.

БҰҰ Бас сессиясының ұлттық қорытынды баяндамасына енген Семей полигонындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген ядролық сынақтардың себеп-салдарын медициналық-генетикалық зерттеу нәтижелері халықаралық тұрғыда мойындалды.

Перинатальды патологияның медициналық-генетикалық аспектілерін ары қарай зерттеу, ана-ұрық-нәрестеге қоршаған ортаның генотоксикалық әсерін зерттеу, жүкті болу гигенасын насихаттау, ҚР муковисцидоз бен ФКУ пренатальды және постнатальды диагностикасының жаңа әдістерін іздеу және дамыту, генетикалық бұзылулардың үш деңгейлі профилактикасын жүргізу – осылардың барлығы бәсекелестікке қабілетті дені сау ұлт қалыптастырудың ілгерілеу тәсілдері болып табылады.

Орталық акушерия, гинекология және перинатология, анестезиология мен реанимация, медициналық генетика, пренатальды және функциональды диагностика бойынша резиденттер, ғылыми кадрлар мен дәрігерлер даярлауға, біліктілікті арттыру циклдері мен шеберлік-сыныптарын өткізуге арналған база болып табылады. 2013 жыл ішінде тақырыптық циклдерде – 932 адам оқытылған, олардың 187 – білімін жетілдірді, 163 шеберлік-сыныптарында және 42 адам тренингте білім алды.

Орталықтың жетекшілері Оңтүстік және Батыс өңірлерде жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің күтімі бойынша ДДСҰ ұсынған перинатальды тиімді технологияларды енгізді, 2013 жыл ішінде 1991 жүкті, бала босанған және жаңа босанған әйелдерге тәжірибелік және консультациялық көмек көрсетті.

Орталық қызметі кезеңінде 30 астам медицина ғылымдарының докторларын, 150 жуық медицина ғылымдарының кандидаттарын, 300 астам клиникалық ординаторлар мен резиденттер даярлады.

2000 жылдан бері «Акушерия, гинекология және перинатология» мамандандырылған журналы жарық көріп келеді.

Менеджмент және ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің жұмысы келесі үш ғылыми бағытта жүргізіледі:
1. Ана мен сәбидің денсаулық жағдайының және емдеу-профилактика мекмесі қызметінің көрсеткіштерін талдау, оларды жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлеу;
2. Еліміздегі акушериялық-гинекологиялық көмек жағдайының сапасы және болжамы, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау, жаңа басқару технологияларын енгізу;
3. Дәрігерлердің біліктілігін арттыру және кадрларды даярлау;
4. ҚР босандыру мекмелеріне практикалық көмек көрсету;
5. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;
6. Баспа қызметі.

Репродуктивті денсаулық пен репродуктивтік тәртіпті жан-жақты талдау ана өлімінің тіркелімін және іс-шаралардың ғылыми негізделген жүйесін әзірлеуге мүмкіндік берді. Жыл сайын халықаралық және республикалық конференциялар, құрылтайлар мен симпозиумдар, ғылыми-практикалық семинарлар жүргізіледі. Орталық қызметкерлерінің ғылыми зерттемелері мен тәжірибелік ұсыныстары Денсаулық сақтау министрлігінің директивті құжаттары мен ұлттық бағдарламаларға енгізілген.

«Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» қоғамдық қорының «Мінсіз» халықтық сапа белгісін тағайындауы, Халықаралық қордың «Іскерлік тәжірибедегі жоғары сапа үшін» алтын медалімен марапаттауы мекменің іскерлік тәжірибедегі мінсіз беделінің танылуы, «Эстмейкер» халықаралық бағдарламасының «Сала көшбасшысы» наградасын алуы мекеменің имиджі мен бәсекелестікке қабілеттілігін белгілеуі болып табылады. 1998 жылы алғаш рет Қазақстанда АГжП ҒО «Балаға мейіріммен қарайтын аурухана» атағы тағайындалды. 2012 жылы емдеу және диагностикалық-консультациялық көмек көрсетуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге, акушерия, гинекология мен перинатологияда медицина кадрларын даярлауға № KZ7500207.07.03.00158 сәйкестік сертификаты алынды. Сертификат ИСО 9001-2009 «сапа менеджменті жүйесі» ҚР СТ және «Мінсіздікке ұмтылу» (CjmmittedtoExcellence) 26.12.2012 ж. деңгейіне арналған Еуропалық сапа менеджменті жүйесін енгізу (EFQM) талаптарына сәйкес.

«ЭКСПО 2017» (Париж 2012ж) арналған халықаралық ролик шығарылған.

Акушерия, гинекология және перинатология Ғылыми орталығы Ресейдің аймақаралық қаржылық—экономикалық одағының «Денсаулық сақтау» номинациясында «2013 жыл компаниясы» сайысының жеңімпазы атанды және АҚЭО бизнес серіктестер тізбесіне енгізілді.