Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі өзгертулер мен толықтырулармен бар «Білім туралы»2007 жылғы 27 шілдедегі заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасында Бірңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 тамыздағы №1174 қаулысын орындау үшін Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы денсаулық сақтаудың өзекті проблемаларына бағытталған денсаулық сақтау кадрларының кәсіби біліктілігін арттыруға және қайта даярлау циклдерін жүргізеді. 

Кәсіби даярлық ҚР ДСМ 2009 жылғы 26 қарашадағы №778 және 2012 жылғы 26 қаңтардағы №51 бұйрықтарында бекітілген және қолданысқа енгізілген ҚР Қосымша білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Біліктілікті арттыру – азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында денсаулық сақтау қызметкерлерінің білімін мен тәжірибелік дағдыларын жақсартуға бағытталған қосымша кәсіби білім беру циклдері.

Мамандарды қайта дарярлау –кәсіптік қызметтің (мамандықтың) жаңа түрін меңгеруге немесе таңдалған мамандық бойынша қосымша біліктілікке ие болу (тереңдете оқу) үшін мамандардың білімін жетілдіруге бағытталған қосымша кәсіби білім берудің жекелеген түрі.

ШЖҚ «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» РМК 2016 жылға келесі оқу түрлерін ұсынады:

1. «Медициналық генетика» мамандығы бойынша қайта даярлау циклдері көлемі 864 сағат, 16 апталық оқу;
2. Акушер-гинекологтарға, анестезиолог-реаниматологтарға, УДЗ дәрігерлеріне арналған біліктілікті арттыру циклдері, көлемі 108/216 сағат, 2/4 апталық оқу.

Қайта даярлау және біліктілікті арттыру циклдеріне қабылдау үшін қажетті құжаттар:

1. Жұмыс орнынан өтініш хат (тыңдаушы оқу ақысын төлеген жағдайда – тыңдаушының орталықтың директоры атына жазылған өтініші);
2. Дипломның көшірмесі;
3. Жеке куәліктің көшірмесі;
4. Маман сертификаты;
5. Біліктілікті арттыру туралы куәліктің көшірмесі (соңғы);
6. Жұмыс орнының оқуға жіберу туралы бұйрығы;
7. ЖСН көшірмесі;
8. Санитарлық кітапша;
9. Медициналық халат, хирургиялық костюм және былғары аяқкиім.

2016 жылға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының сайтында www.ncaigp.kz орналасқан.

«Акушерия, гинекология және перинатология» ШЖҚ РМК мына мекенжайда орналасқан: 050020, Алматы қ., Достық даңғылы, 125, Чайкин көш. қиылысы. Тел.: 300-45-64, 300-45-65