Құрметті үміткерлер!

Резидентураға түсу үшін құжаттар 10-30 шілде аралығында Алматы қ., Достық даңғылы, 125 мекенжайы бойынша «Акушерия, гинекология және перинатологияғылыми орталығы» ШЖҚ РМК қабылдау комиссиясында дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін (13.00-14.30 түскі үзіліс) қабылданады.

Оқуға түсу емтихандары 10 тамыздан 20 тамызға дейін жүргізіледі. «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК қабылдау 25 тамызда өтеді.

1. Резидентураға қабылдау Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережесінде реттелген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №109 қаулысымен бекітілген.
2. «Акушерия, гинекология және перинатологияғылыми орталығы» ШЖҚ РМК резидентурасына жоғары медициналық білімі бар азаматтар қабылданады.
3. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін азаматтарды резидентураға қабылдау оқуға түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурс негізінде қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
4. Резидентураға түсетін тұлғалар Орталыққа келесі құжаттарды тапсырады:

• директордың атына жазылған өтініш;
• ЖОО аяқтағаны туралы дипломның және қосымшаларының көшірмесі;
• интернатураны өткені туралы құжат;
• жеке куәлігінің көшірмесі;
• еңбек кітапшасының нотариаттық расталған көшерімесі (жұмысқа қабылданған тұлғалар үшін);
• 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама (флюорографияны өтуі тураы картасымен бірге);
• 3х4 фотосурет -6 дана;
• ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстары (болған жағдайда);
• шарттық негізде оқу түсетін тұлғалар үшін шарт жасауға кепілдік беретін хат және оқу шығындарының төлемі;
• әскери билеттің көшірмесі;
• тіркеуге алу куәлігінің көшірмесі (бозбалалар үшін);
• пошта конверті, құжат тігу папкасы (қағаз).

5. Резидентураға түсушілер ЖОО бітірушілері үшін
6. Жоғары білім бағдарламалары көлеміндегі арнайы пән бойынша емтихан емтихан тапсыру кестесіне сәйкес ауызша/жазбаша үлгіде жүргізіледі.
7. Резидентураға түсетін шетел азаматтары оқуға түсу емтихандарын келесі пәндер бойынша тапсырады:

- қазақ немесе орыс тілі (оқыған тілі);
- оқыған тілінде арнайы пән.

8. Шетел тілін меңгерудің Жалпы еуропалық құзыреттіліктеріне (стандарттарына) сәйкес шетел тілін білуін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары келесі емтихандар бойынша резидентураға оқуға түсуге шетел тілінен емтихан тапсырудан босатылады: Test of Englishas a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP ­ 460 баллдан кем емес), Test of Englishas a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet­based Test (TOEFL IBT, өтетін балл ­ 87 кем емес), (TOEFL өтетін балл ­ 560 баллдан кем емес), InternationalEnglishLanguageTestsSystem (IELTS, өтетін балл ­ 6.0 кем емес); неміс тілі: DeutscheSprachprufungfurdenHochschulzugang (DSH, Niveau С1/ уровень С1), TestDaF­Prufung (Niveau C1/деңгей С1); француз тілі:TestdeFranзaisInternational™ (TFI оқу және таңдау тараулары бойынша B1 кем емес), Diplomed' Etudesen Langue francaise (DELF, деңгей В2), Diplome Approfondide Langue francaise (DALF, деңгей С1), Тestdeconnaissancedufrancais (TCF ­ 400 баллдан кем емес).
9. Емтихандарды қайта тапсыруға болмайды.
10. Қабылдау комиссиясы оқуға түсу емтихандарының қорытындылары бойынша конкурс негізінде әр үміткер бойынша шешім шығарады. Конкурс балдары бірдей болуы кезінде бейінді пән бойынша жоғары бағасы бар, содан кейін «үздік» дипломы бар тұлғалар оқуға қабылдану басымдықтарына ие болады. Кейіннен тиісті ғылыми мамандық бейіні бойынша ғылыми жетістіктер ескеріледі.
11. Резидентураға қабылдау директордың бұйрығы негізінде жүргізіледі.

АГжП ҒО резидентурасына түсуге қажетті құжаттар тізбесі

№ р/т Құжат Ескертпе
Бекітілген үлгі бланкінде АГжП ҒО директорының атына дазылған өтініш Бланк АГжП ҒО қабылдау комиссиясында беріледі
Мекенжай анықтамасы Халыққа қызмет көрсету орталығында ресімделеді және беріледі
  Кадр есебі бойынша жеке парақ Жеке парақ бланкісі АГжП ҒО қабылдау комиссиясында беріледі
  Жеке куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі ­
Медициналық ЖОО бітіргені туралы дипломның түпнұсқасы мен көшірмесі ­
Дипломның  қосымша парағының түпнұсқасы және көшірмесі ­
Интернатураны бітіргені туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі ­
Шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (болған жағдайда) қабылдау ережесінің 4 т. қараңыз АГжП ҒО қабылдау комиссиясы сертификаттың түпнұсқалығын растау үшін авторланған орталықтарға сұрау салады
  Бұрынғы жұмыс орнындағы кадр бөлімінде куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі ­
Барлық бағандары толтырылған денсаулық жағдайы туралы анықтама (086/у нысаны) Тұрғылықты мекенжайы бойынша емханада ресімделеді
  Әскери билеттің түпнұсқасы және көшірмесі (бойжеткендер үшін) ­
Әскери билеттің және әскери есепке алу куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі (бозбалалар үшін) ­
Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар (болған жағдайда) ­
Шарт жасауға және оқудың ақысын төлеуге кепілдік беретін хат (ақылы негізде оқуға түсетіндер үшін) ­
Құжат тігілетін папка (картон) (1дана) ­
Фотосуреттер 3×4 (6 шт.) (фотосуреттер ағымдағы жылда түсірілген болуы тиіс) ­
Пошта конверті (1 дана) Конверт фотосуреттерді сақтау үшін қажет

*Құжаттарды қабылдау 10 шілдеден 30 шілдеге дейін жүргізіледі
*Барлық құжаттарды үміткер жеке өзі тапсыруға тиіс.
*Құжаттардың толық пакеті қабылданады
*Салыстыру үшін құжаттардың көшірмелерімен бірге түпнұсқалары да ұсынылады. Түпнұсқалары бірден қайтарылады.
*Құжаттармен бірге шетел тілі бойынша тестілеу төлемақысы туралы түбіртекті ұсыну қажет

Құжаттарды қабылдау уақыты:

ДС–ЖМ сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
СН – сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін

Мекенжайымыз:Алматы қ., Достық даңғылы, 125