Отделение патологии

 

Қазақстан Республикасында жүкті әйелдерге жоғары білікті мамандандырылған көмек көрсету: диагностика, акушерлік қауіп-қатері және патологиясы бар жүкті әйелдердің іштегі нәрестесін перинатальдық қорғауға бағытталған акушерлік емдеу және алдын алу бөлімшенің қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

Диагностика стандарттары мен хаттамаларына сәйкес емдеу-диагностикалық көмек көрсетиіледі. Бөлімшенің жұмысына жүкті әйелдерге жоғары білікті көмек көрсетуге мүмкіндік беретін барлық ғылыми зерттемелер енгізілген. Бөлімше заманауи дәрі-дәрмектермен толық көлемде жабдықталған (стандарттарға сай). Көрсетілімі болған жағдайда барлық жүкті әйелдерге кеңес беріледі және аритмолог, гастроэнтеролог, гепатолог, хирург, офтальмолог, проктолог, уролог, ангиохирург, нефролог, невропатолог, дерматолог, аллерголог, балалар хирургы сияқты аралас мамандар тексеру жүргізеді. МРТ, КТ, бастың, аяқ-қол тамырларының УДД ЭКГ және АҚ бақылау емшаралары жүрзіледі.
Жүкті әйелдің жағдайын білікті мамандар мен орта медициналық қызметкерлер тәулік бойы бақылайды. Барлық жүкті әйелдер АГжПҒО РМК терпаевт-дәрігердің бақылауында болады. Бөлімшеде жүкті әйелдерге білікті психологиялық көмек (босануға алдын ала психологиялық дайындау,бала емізу бойынша сабақтар) өткізіледі. Бөлімшеде 3 дәрігер, 12 акушер, 9 орта медициналық персоналы емдеу-диагностикалық көмек көрсетеді.

Күн сайын сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін жүкті әйелдердің туыстарының келуіне рұқсат беріледі.
Ашық күндері Орталық аумағында серуендеу уақыты – сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін.
Байланыстар: 8(727) 300 45 24, 300 45 26