АГжП ҒО консультациялық-диагностикалық бөлімі әйелдерге, жүкті әйелдерге, бедеулік проблемалары бар ер адамдарға, балалар мен жасөспірімдерге жоғары білікті консультациялық, диагностикалық және амбулаториялық-емдеу көмегін көрсетеді.
Жүктілікті соңына дейін жеткізбеу, жатыр мойыншасының патологиясы, эндокриндік бұзылыс, медициналық-генетикалық консультация беру мәселелері бойынша медицина ғылымдарының докторлары, жоғары санатты дәрігерлер медициналық кеңес береді. Емханада келесі маман дәрілергер қабылдау жүргізеді:
­акушер­гинеколог;
­гинеколог­эндокринолог;
­неонатолог;
­генетик;
­функционалдық диагностика (ұрық ЭКГ,КТГ)
АГжП ҒО емханасының базасында күндізгі стационар жұмыс істейді. Күндізгі стационарда жүкті әйелдер мен гинекологиялық сырқаттары бар емделушілер ем қабылдайды. Стационарлық емдеу қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызылады. Кіші-гірім хирургиялық араласу шаралары күндізгі стационарда жүргізіледі, бұл емделушінің сапалы және толық диагностикалық тексеруден өтуіне және ауруханаға жатуы қажет болғанда бір тәулікке қалуға мүмкіндігі бар.


Емхананың жұмыс кестесі: Дүйсенбі – жұмыс сағат 8.30-16.30 дейін
Байланыс:

Тіркеу орны ­ 300­45­71
УДЗ жазылу ­ 300­45­84
Қабылдау бөлмесі ­ 300­45­75