Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығына ЭКҰ емшараларын жүргізу үшін 2017 жылға 120 квота бөлінген.

Жатыр түтікшелерінің болмауына немесе тарылуына байланысты «бедеулік» диагнозы қойылған 18-48 жас шамасындағы қазақстандық азаматшалар ЭКҰ тегін жүргізуге үміткер бола алады. Бедеуліктен бөлек, жүктіліктің басталуына кедергі болатын аурулар мен гармоналдық проблемалар болмауы тиіс, сондай-ақ аналық жыныс безінде фолликулдардың (ұрықтану үшін аналық жасушаларды тудыратын жасушалар) жеткілікті қоры болуы қажет.

ЭКҰ квотасын алу үшін бедеулік бойынша тұрғылықты мекенжайдағы әйелдер консультациясына есепке тұру және ТМККК шеңберінде ЭКҰ жүргізуге жолдама алукерек.

Госпиталдау бюросы порталында тіркелгеннен кейін ауруханаға жатқызу күні жоспарланған №001-3/уқұжат беріледі.

Жыл сайын мемлекет тарапынан бөлінетін квоталардың саны 8 есеге артты, 2010 жылы бөлінген 100 квотадан 2016 жылғы 800 дейін, ал 2017 жылы – 900 дейін ұлғайғанын естеріңізге саламыз.

Сонымен қатар, Орталықтың ЭКҰ бөлімшесінде ақылы негізде осыған ұқсас қосалқы репродуктивті технология (ҚРТ) жүргізіледі. Бағалар прейскурантын: www.ncagip.kz сайтында көруге болады.

Толық ақпараттар алу үшін Call-center:8(727) 300-45-99 телефонына хабарласуға болады.