2017 жылғы 22 ақпанда ҚР ДСМ АГжПҒО базасында «санитарлық ережелер: Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» №127 бұйрығы шеңберінде  орталықтың 58 медицина қызметкерлері арасында «Санитарлық ережелер» тақырыбында семинар өтті.
ҚР ДСМ АГжПҒО бас мейірбикесі Алтын Даутова орталықта үй-жайлар мен жабдықтарды күтіп ұстау кезінде; медициналық қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру, тасымалдау, сақтау мен жою; науқастарды тамақтандыру, сондай-ақ медицина персоналының еңбек шарттарын ұйымдастыру; медициналық қолданыстағы бұйымдарды стерилдеу және дезинфекция жүргізу; санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде  қойылатын талаптардың сақталатыны туралы тоқталды. Емдеу-профилактикалық ұйымдардың үй-жайларын тазалау ауруханаішілік жұқпалардың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар қатарының бірі болып табылады. Сонымен бірге шаң-тозаңнан, жұқпалы ауру қоздырғыштарының микроағзаларынан тазарту жұмыстары жүргізілетінін айтты.
Емхананың мейірбикесі Алия Шакирова бекітілген кесте бойынша күніне екі рет ағымдық тазалау жұмыстары мен аптасына бір рет күрделі тазалау жұмыстары жүргізілетінін айтты. Күрдері тазалау жұмыстарының сапасын бақылау жауапкершілігі орта медицина персоналына жүктелген.