ҚР ДСМ АГжПҒО мәжіліс залында «5С модулі: Қалыпты босануды жүргізу» тақырыбында орта медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Семинардық мақсаты – медицина қызметкерлерінің теориялық білімін пысықтау, оқу барысында алған арнайы білімі мен дағдыларын дамыту және жалпы мәдение және кәсіби құзыреттерін қалыптастыру.
ҚР ДСМ  штаттан тыс бас акушері, орталықтың босандыру бөлімінің аға мейірбикесі Юлия Бычкова: «Бір әйелге – бір акушер» қағидасымен босану кезінде көмек көрсету тиімді технологиялардың бірі болып табылады. Босанатын әйелді ешқашан жалғыз қалдырмаңыздар. Мұндай араласудың жанама әсерлері мен оған тән қауіп-қатерлері жоқ екенін есте сақтаңыздар», - деп қорытты. Босанатын бір әйелге бір акушер қызмет көрсететіні дұрыс жағдай. Акушердің қызметі барлық маңызды клиникалық белгілерді тіркеу ғана емес, сонымен бірге әйелге босану кезінде физикалық және эмоциялық қолдау көрсету болып табылады. Әйелдің босану кезінде алған тәжірибесі көбінесе, өзіне қызмет көрсетуші медицина қызметкерімен өзара қарым-қатынас жасауымен анықталады. Акушерлік күтімнің осы компоненті аса маңызды болып саналады. Бірқатар дамыған елдерде (мысалы, Канадада) бүкіл босану үдерісіне кемінде бір медицина қызметкерінің міндетті түрде қабысуы ұсынылған, ұлттық нұсқаулыққа енгізілген.
Босану кезінде әйелге және оның отбасына жан-жақты қолдау көрсету 5С модулінің басты міндетінің бірі болып табылады.
Босану барысына, оның нәтижесіне, ананың босанғаннан кейін бейімделуіне, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа, емізуге, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ата-ана рөліне бейімделуіне босанатын әйелдің серіктесінің  (акушерден бөлек) қолдау көрсетуі жағымды ықпалын тигізеді.
ДДСҰ қауіпсіз босануға келесідей анықтама береді: тиісті дағдылары бар дайын адам жүргізетін таза босанулар. Босану қауіпсіз болуы үшін стационар жағдайында жүзеге асырылуы міндетті емес. Үйде босану қолайлы болып табылады және әлемнің көптеген дамыған елдерімен қатар, дамушы мемлекеттерде қолдау тапқан. Қауіпсіз босану – бұл бала босандыруға дайындығы бар, босанудың ұзақ болмауын қадағалайтын, ананық қансырауы мен жұқпамен зақымдануын, нәрестенің тұншығып қалуын және /немесе жарақат алуын туындатуы мүмкін босану кезінде асқынуларды анықтайтын адаммен бірге жүргізілетін босану.
Таза босану –бұл медицина персоналы медициналық мекемеде немесе білікті акушердің үйде тазалық қағидаларын (таза қолдар, таза босану орны, кіндікті таза кесу) сақтай отырып, жүргізілетін босану.
ҚР ДСМ  штаттан тыс бас акушері, орталықтың босандыру бөлімінің аға мейірбикесі Юлия Бычкова барлық әйелдер мен акушерлер таза босануға қойылатын талаптарды білуі қажет екенін айтты. Ол таза қолдар, таза босану орны, кіндікті таза кесу және күтім жасау кезіндегі тазалық. Барлық медицина қызметкерлері босануды таза және қауіпсіз жүргізу техникасы бойынша тиісті дайындықтан өтуі және тәжірибеде жүргізу қажет.
ДДСҰ ана мен бала денсаулығын жақсатруға бағытталған акушерлік күтімнің маңызды элементі ретінде серіктестің қатысуымен жүргізілетін босану түрлерін насихаттайды.