ҚР ДСМ Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында «Медицина қызметкерлерінің этикасы мен деонтологияс», «Емдеу-профилактика мекемелерінде зарасыздандыру және стерилдеу» тақырыптары бойынша жоғарғы және орта медицина персоналдары арасында семинар өткізілді.
Семинар жұмысына Орталықтың 38 медицина қызметкерлері қатысты.
Пациенттерге құрметпен қарау, көмектесу, көңіл бөлу, шыдамдылық таныту, мейірімділік, сыпайылық, ашық қарым-қатынас жасау мейірбикенің басты қасиеті болып табылады. Мейірбике науқасты өзіне қарата білу қажет, сонда ғана олардың арасында сенімді диалог орнатылып, пациент  жайлы, оның тұлғалық ерекшеліктері туралы, науқасы, ауруханаға жатуы, алдағы жоспары туралы қажетті мәліметтер алуға болады, - деп ата көрсетті гинекология бөлімшесінің аға мейірбикесі Н.К.Джакиева.
Сонымен қатар, аға мейірбике Н.Р.Кудиярбекова «Емдеу-профилактика мекемелерінде зарасыздандыру және стерилдеу» тақырыбындағы баяндамасында: «Ауруханалық, ауруханаішілік жұқпалар туралы айтатын болсақ, ең алдымен, зарасыздандыру түрі алдын алу және ошақты болады. Профилактикалық зарасыздандыру адамдарды жұғуы мүмкін жұқпалардан қорғау үшін жүргізіледі. Емдеу мекемелерінде күнделікті жуу және эпидемиялық маңызды бөлмелерде (операциялық, байлап-таңу) аптасына бір рет күрделі тазалау түрінде іске асырылады. Ошақты зарасыздандыру жұқпалы аурулардың пайда болуы немесе пайда болуына күдіктену жағдайында жүргізіледі»,- деп қорытты.
Еліміздің барлық емдеу-профилактика мекемелерінде жұқпалы аурулар таралуы мүмкін қоршаған ортаны зарасыздандыру мен медициналық заттар мен бұйымдарды стерилдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Осы эпидемияға қарсы барлық іс-шаралар ауруханаішілік жұқпалар үшін алдын алу қасиеттеріне ие.