ҚР ДСМ Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы базасында төменде көрсетілген курстар бойынша біліктілікті арттыру циклі жалғасуда:  
- 2017 жылғы 06-18 ақпан акушер-гинеколог дәрігерлерге, ЖТД, акушерлері мен мейірбикелерге арналған «Тиімді перинатальды күтім» тақырыбындағы цикл. Циклдің жетекшісі: м.ғ.к., доцент Сауле Абайхановна Кабылова.
-2017 жылғы 13 - 25 ақпан акушер-гинеколог дәрігерлерге, ЖТД, акушерлеріне арналған: «Акушер тәжірибесіндегі ауыр жағдайлар». Циклдің жетекшісі: м.ғ.д., Гульжан Муратовна Исина, м.ғ.д. Али Нурбатырович Кожахметов.
- 2017 жылғы 13 - 25 ақпан дәрігерлер мен функционалдық диагностика мамандары үшін «Жүктілік кезінде ұрықтың туа біткен дамуының диагностикасы». Циклдің жетекшісі: м.ғ.к. Бибигуль Имангалиевна Абдыкалыкова.
- 2017 жылғы 13 - 25 ақпан: «Ұрықтың жүктілік және босану кезіндегі жағдайын бағалау». Циклдің жетекшісі: м.ғ.к Армида Бахытбековна Елекенова.
- 2017 жылғы 27 ақпан және 11 наурыз: «Практикалық гинекологиядағы лапароскопия көмегімен жатыр гистерэктомиясы (ЛКЖГ)». Циклдің жетекшісі: м.ғ.д. Жанат Умурзаковна Султанова, м.ғ.к. Ерлан Сабыркулович Тажибаев.
- 2017 жылғы 27 ақпан және 11 наурыз: «Балалар гинекологиясы». Циклдің жетекшісі: ҚР ДСМ штаттан тыс бас балалар гинекологы, м.ғ.к Гуля Назаровна Алимбаева.
Оқыту шеңберінде шеберлік-сабақтарға қатысу мүмкіндігі бар және туындаған мәселелер бойынша акушерия, гинекология және перинатология саласындағы жетекші мамандардан жауап алуға болады.
Қазіргі кезде топтарға өтініш қабылдау жүргізіліп жатыр. Оқыту циклдеріне шақырамыз.
Анықтама телефоны: 8 /727/ 300 45 58, ҚР ДМС АГжПҒО білім департаменті.