Қызметтер интеграциясы:
Алматыдағы санавиация орталығына күніне екі-үш қоңырау түседі. Науқастарды шалғайдан шаршатпай жеткізуді осындағы мамандар шешеді. Қазірде міне Шымкенттің шеткі ауылынан аяғы ауыр әйелді шұғыл жеткізу керек деген шақыру түсті. Медициналық құрылғыларын құшақтаған фельдшер мен дәрігер Боралдай аэродромынан ұшуға аттанды.
«Мамандардың басқа жақта жетіспеушілінінен осы Алматыға тасымалданады. Алматыда біздің мамандардың дәрежелері өте жоғары. Республикалық ауруханалар бар. Сол себепті тасымалданады», - деді «РСА» орталығының фельдшері Айбек ЖҰМАҒҰЛОВ.
Негізінен санитарлық авиация шақыртуларының ішінде бірінші орынды балалар жасындағы патология алады. Екінші орында - жарақаттану мен уланулар 21 пайызды құрап отыр. Одан бөлек акушерлік көмек, жаңа туған нәрестелердің патологиясы, қан айналымы жүйесі, неврологиялық, хирургиялық ауруларға да жедел ұшып, көмек көрсетіп келеді.
«Арнайы жоғары медициналық қызметін көрсету болғандықтан аурулардың ең ауыр дәрежесінде науқастарды қабылдаймыз. Соның ішінде жүрек аурулары, ми асқыну аурулары, өкпе аурулары бар», - деді Қазақстан Республикалық Денсаулық сақтау министрлігі акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гүльфайруз БИСАЛИЕВА.
http://almaty.tv/kz/news/news/bolshinstvo-vertoletov-sanaviatsii-v-kazakhstane-ne-sootvetstvuet-trebovaniyam