Қабылдау бөлімі – келіп түсетін әйелдерді алғаш рет қабылдайтын құрылымдық бөлімше. Осы бөлімшеде құжаттар ресімделеді, негізгі мәліметтер жиналып, бастапқы тексеру жүргізіледі. 

Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы жүкті әйелдерге, гинекологиялық науқастарға жоғары мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетеді.
Қабылдау бөліміне хабарласу телефоны: 387­08­83.
Қабылдау бөлімшесі АГжПҒО барлық клиникалық бөлімшелерімен және зертханалық қызметімен тығыз байланысты жұмыс істейді, орталыққа жіберілген және шұғыл көрсетілім бойынша келіп түскен барлық жүкті әйелдер мен гинекологиялық пациенттерді қабылдау және ауруханаға жатқызу шараларын жүзеге асырады.
ТМККК щеңберінде қызметтер көрсетеді (ҚР Үкіметінің 27.01.2014 ж. №29 қаулысы).
Қабылдау бөлімшесінде жоспарлы және шұғыл гинекологиялық көмек көрсетуді әйелдің өмірі мен баланың болашағына қауіп төнген жағдайдан бастап қарапайым консультацияғав дейін болатын кез келген жағдайда қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсете білетін білікті мамандар жүзеге асырады.
Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының акушерлік бөліміне келіп түсетін пациенттерде болуы тиіс:
- заңды құжаты (төлқұжат, иммигранттар үшін мекендеу қағазы);
- қалалық немесе аудандық консультациялық емханада немесе әйелдер консультациясында берілген жолдама, жүктіліктің физиологиялық ағымының патологияларын немесе ауытқуларын растайтын медициналық құжаттардың көшірмесі бар жүкті әйелдер картасы;
- жеке заттары ( халат немесе басқадай үй киімі; жуылатын тәпішке; ұйықтағанда киетін іш киім, табиғи матадан жасалған 2 кеудеқап, лайықты өлшемдегі компрессиялық ім киім);
- Жаңа туылған нәрестеге арналған 2-3 жейде, 2-3 телпек, шұлықтар, жеке гигиена бұйымдары.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!!!
Санитарлық-эпидемиялық тәртіпке сәйкес аталған заттар полиэтилен пакеттеріне салынуы тиіс. Әйелдер және спорттық сөмкелер, сонымен қатар бағалы бұйымдар мен алтын әшекейлерді үйде қалдыру қажет.

Патология бөлімшесіне жүкті әйелдерді аурухана жоспарлы түрде жатқызу уақыты - жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін.

Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету тәртібіне сәйкес Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығына жоғары қауіп-қатер тобына жататын жүкті әйелдер жатқызылатынын естеріңізге саламыз.

{gallery}Приемное_отделение{/gallery}