Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының босандыру бөлімшесінде перинатальдық жаңа технологияларды қолдана отырып, медициналық көмектің барлық түрлері көрсетіледі.
Босандыру бөлімшесінде шұғыл көмек көрсетудің барлық түрлерін меңгерген акушер, анестезиолог, неонаталог сияқты жоғары білікті дәрігерлерден тұратын бригада тәулік бойы көмек көрсетеді.
Босанатын әйелдер ұдайы бақылауда болатын жеке босандыру палаталарында нәресте дүниеге келеді. Босану сәтінде жүкті әйелдің жақынының болғаны дұрыс. Босану кезінде ұрық мониторлық бақылауда болады. Босандыру бөлімшесі заманауи аппаратурамен: ультрадыбыстық аппаратпен, медициналық газ берілетін инфузома құралымен жабдықталған.
Әрбір әйел үшін біржолғы қолданылатын стерильді ішкиім жинақтамасы беріледі.

Орталықтың қабылдау бөліміне хабарласуға болады:
(+7 727) 300 45 67
(+7 727) 300 45 64

Босанған әйелдерге келу уақыты – сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін.

Болуы тиіс:
— жеке куәлік
— жүкті әйелдің картасы
— сақтандыру полисі (болған жағдайда)
— блокнот, қаламсап
— жылы киімдер (суық кезеңде)
— аяққа арналған иілгіш бинт немесе арнайы шұлық
— гигиеналықбұйымдар
— ішкиім
— тәпішке
— халат
— памперс