Дәрігер мамандығында сезімталдылық, адамгершілік, жан-жақты жауапкершілік сипаттары жоғары дәрежеде болады, дәл осы қасиеттер дәрігердің бойында ерекше дамыған болуы тиіс. Медицина мамандарына емделушілердің өмірімен, денсаулығымен байланысты шешімдер қабылдауына тура келеді. Сондықтан медицинада адамгершілік қағидаттары ерекше орынға ие. Моральдық жауапкершілік: жанашырлық, әділеттілік пен толық медициналық көмек көрсетуден тұратын медициналық этиканың барлық қағидаттарын сақтауды білдіреді.

Медицина қызметкерлері өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, медициналық этика мен деонтология қағидаттарын басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады.

Миссия

1. Медициналық қызмет көрсету сапасын жүйелі түрде жақсарту жолымен емделушілердің қажеттілігін қанағаттандыру;
2. Диагностика, емдеу және алдын алудың стандарттары мен инновациялық технологиялары негізінде білікті қолжетімді медициналық көмек көрсету;
3. Ұйымның персоналын еңбекпен қамтамасыз ету, олардың өз жұмысына және еңбекақысына қанағаттануы үшін жағдай жасау;
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтаудың бәсекелестікке қабілетті жүйесін қалыптастыру.

Мақсат:

1. Диагностика, профилактика және медициналық қызмет сапасының тиімділігін арттыру;
2. Кәсіпқойлығы жоғары, жоғары кәсіби абыройға ие, барлық этикалық нормалар мен құндылықтарды сақтайтын бәскекелестікке қабілетті кадр әлеуетін қалыптастыру.

Ұстаным:

1. Қызметтегі заңдылық пен әділдік — біз ҚР Конституциясы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексі, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және еліміздің денсаулық сақтау саласын жетілдіру мен дамыту стратегиясы аясында әрекет етеміз.
2. Емделушіге қамқорлық — біз емделушілерді тексеру мен емдеу сабақтастығын сақтаймыз, дербес және кешенді күтім тәсілік қамтамасыз етеміз, адамның денсаулығына ерекше мән береміз.
3. Технологиялылық — ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, заманауи жабдықтарды, емдеудің кепілді сапасын қамтамасыз ету үшін тиімді емдеу әдістемесін пайдаланамыз.
4. Қызметкерлердің білімін үздіксіз жетілдіру — медициналық қызмет көрсету сапасы әрбір қызметкердің кәсіпқойлығына байланысты. Әр қызметкер өзінің жеке жетістігін ортақ іс жетістігімен ұштастыра отырып, Орталықтың нәтижелі дамуына мүдделі болуы тиіс.
5. Бірлестік — ұжымдық шығармашылыққа ынталандыратын, ұжымның мүшелері арасында, мамандар мен емделушілер арасында өзара сенімділік пен құрметке ықпал ететін корпоративтік мәдениетті, этиканы, деонтологияны дамытамыз.
6. Көшбасшылық —көшбасшылықты дамытамыз, бұл - қызметтің барлық саласында тұрақты даму мен қызметті жетілдірудің өлшемі.

Құндылықтар:

1. Кәсіпқойлық
2. Қайырымдылық
3. Емделуші құқығын құрметтеу
4. Жауапкершілі

Осы адамгершілік қағидаттары Халықаралық дәрігерлік этика кодексінің, Хелсиньки декларациясының, Геном мен адам құқықтары туралы жалпы декларацияның және Адам құқықтарын қорғау мен абыройын қорғау туралы конвенция ережелеріне сүйене отырып, биология мен медицинаның жетістіктерін, ҚР Конституциясының 29-бабын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексінің 184-бабын, «ҚР медициналық және фармацевтика қызметкерлерінің ар-намысы туралы кодексте бір жүйеге келтірілген.