ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының қызметі:

1) консультациялық-емдеу;
2) ғылыми-зерттеу;
3) әдістемелік-ұйымдастыру;
4) кадр даярлау;
5) дипломнан кейінгі білім;
6) гранттық зерттеулер;
7) кураторлық көмек

АГжП ҒО ғылыми әлеуетін медицина ғылымдарының 15 докторлары және 19 астам кандидаттары құрайды. Ғылыми зерттеулердің түбегейлілігі мен қолданбалы сипаты жаңа халықаралық тұрғыдан алғанда акушерлік және перинаталдық асқынулардың алдын алуға, қосымша репрордуктивті технологияларды енгізуге, репродуктивті қызметті қалпына келтіру үшін реконструктивті-пластикалық және мүшені сақтау оталарын жетілдіруге бағытталған. Қол жеткізген нәтижелер перинатальды биохимия және перинатальды патоморфология ғылыми бағыттары бойынша дами түсті.
АГжП ҒО базасында әзірленген және енгізілген инновациялық технологиялар бірегей болып табылады және Қазақстан Республикасында алғаш рет енгізілген және келесі критерийлерге сәйкес:

1. Бірегейлік+клиникалық тиімділік пен қауіпсіздік+әлеуметтік мәнділік;
2. Жатырішілік ұрықтың хромосомалық ауруларының молекулярлық-цитогенетикалық диагностикасы (FISH әдісі);
3. Резус-шиеленісті жүктілік кезіндегі жатырішілік гемотрансфузия;
4. Ұрықтың жатырішілік оттек азаюын анықтау тәсілі;
5. Жүктіліктің соңына дейін жетпеуінің лимфоциттік-иммундық терапиясы.

Ғылыми орталықтың клиникасында жүкті әйелдерге, гинекологиялық науқастарға және жаңа туылған нәрестелерге арналған 147 төсек орын бар. Республикада медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында «Қауіпсіз аналық», «Нәрестелер реанимациясы», «Шала туылған нәрестелердің күтімі», «Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде акушерлік қансырау, преэклампсия және эклампсия жағдайындағы стандарттар және шұғыл көмек көрсету. Клиникада жыл сайын Қазақстанның әр аймақтарынан, соның ішінде 80 % республиканың оңтүстік өңірлерінен (Алматы, Маңғыстау, ОҚО, Қызылорда, Жамбыл және т.б. облыстардан) келген 7000 астам жоғары қауіп-қатер санатына жататын жүкті әйелдер мен гинекологиялық науқастарға жоғары мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетіледі. Көмек көрсету көлемінің ұлғаюы нозологияның ауыр түрлеріне қатысты. Сонымен ауыр экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдерді декомпенсайия және субкомпенсация сатысында емдеу 1,5-2 есені құрады. Жүкті әйелдердің 70% астамы ауыр экстрагениталды және акушерлік патологиямен ауруханаға жатқызылады. Мерзімінен бұрын жедел босандыру қажеттілігі салдарынан артқан айы толмай босандыру саны 10,9%, периналадық көрсеткіштердің төмендеуіне әсер етпеді. Жыл сайын реанимация бөлімінде дене салмағы төмен және күрт төмен 350 жуық нәрестелер емделеді.
Орталықта 27 ғылыми және клиникалық құрылымдық бөлімше, соның қатарында ғылыми бөлімдер мен халықаралық деңгейде сертификатталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған тиісті жабдықтары бар ғылыми-клиникалық зертханалар жұмыс істейді:

1.Эндокринология зертханасы – Certificate of Parcticipation EQAS External Quality Assurance Services Laboratory 9948 Cycle 32: August 2008­January 2009
2. Биохимия зертханасы ­ Certificate of Achievement EQAS External Quality Assurance Services SCOGP 9948 и Clinical Chemistry Cycle 38: November 2011­ April 2012
3. Медициналық генетика зертханасы – ISO 13485 RIQAS Delfia пренаталдық скрининг.

Орталық жаңа акушерлік, перинаталдық және гинекологиялық технологияларды іске асыру базасы болып табылады: 1. Республикалық эндоскопиялық гинекология орталығында дәрігрлерді гинекологиядағы эндохирургия әдісіне оқыту және білімін жетілдіру циклдері жүргізіледі. 2. Республикалық медициналық-генетикалық консультация ҚР консультациялық және емдеу-диагностикалық жұмыстарды жүзеге асырады. 3.Ұлттың генетикалық денсаулығын қадағалау бойынша бірыңғай және біртұтас жүйесі үшін бастама тәртібінде жалпыұлттық телематикалық жүйе әзірленген. 4. Орталық базасында 1998 жылы ТМД арасындағы жалғыз болып табылатын «Қазақстан Республикасының Ұлттық генетикалық тізбесі» (ҚР ҰГТ) құрылып, енгізілді. 5. ҚР ҰГТ енгізу «ҚР халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасына кірді және Қазақстан халқының репродуктивтік және генетикалық денсаулығын жақсарту бойынша Ұлттық демографиялық саясаттың негізіне айналды.

Орталық резиденттер, ғылыми кадрлар мен дәрігерлер даярлау, акушерия, гинекология мен перинатология, анестезиология мен реанимация, медициналық генетика, пренатальды және функционалды диагностика бойынша шеберлік-сабақтарын жүргізу мен біліктілікті арттыру базасы болып табылады. 2013 жыл ішінде тақырыптық оқыту циклдерінде 392 адам білім алған. Олардың 187 біліктілікті арттыру курстарында, 163 адам шеберлік-сыныптарда біліп алып, 42 адам тренингтерге қатысқан.