Кадр және іс жүргізу бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) ҚР ДСМ «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-нің кадрлар мен іс жүргізу саласындағы басқару және қадағалау қызметтерін орындауға өкілетті құрылымдық бөлімше болып табылады.
Бөлім қызмет барысында «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін, «Денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы», Азаматтардың репродуктивті құқықтары мен оларды жүзеге асыру кепілдемелері туралы» ҚР заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және кәсіпорынның қызметіне қатысты қолданыстағы өзге де құқықтық актілерді; ҚР СТ ИСО 9000:2007 (ISO 9000:2005), ҚР СТ ИСО 9001:2009 (ISO 9001:2008) стандарттарының; Кәсіпорынның Стратегиясының (миссияның, болжам мен стратегиялық мақсаттардың) және т.б. талаптарды басшылыққа алады.
Бөлімнің келесі басқару құрылымы бар:
- Кадр және іс жүргізу бөлімінің басшысы;
- Кадр және іс жүргізу бөлімінің кадрлар жөніндегі маманы;
- мемлекеттік тілді жүргізу жөніндегі сарапшы
- іс жүргізуші
- архивариус
Кәсіпорынның кадрлық саясатын қалыптастыру мен іске асыру; кәсіпорынның үдерістерін білікті және құзыреттін персоналдармен қамтамасыз ету; кәсіби құзыреттіліктің тиісті деңгейін анықтау және қамтамасыз ету негізінде персоналды басқару; нұсқаулыққа және өзге де нормативтік-әдістемелік құжаттарға сай іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу бөлімнің басты міндеттері болып табылады.
Сонымен бірге, кәсіпорынның ішкі реттеу құжаттамаларымен белгіленген талаптарға сай құрылымның іс жүргізуін, жоспарлық, есеп-қисап және есеп беру құжаттамалары сапасының тиісті дәрежеде болуын  қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де қызметтерді атқарады.