Әйелдер консультациясыныңі меңгерушісі - Кәмилә Кеңесқызы Төлегенова


Әйелдер консультациясы ҚР ДСӘДМ акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының консультациялық-диагностикалық емханасының бөлімшесі болып табылады.
Әйелдер консультациясының негізгі міндеттері:
• барлық жастағы әйелдерге, соның ішінде жасөспірім қыздарға жоғары білікті амбулаториялық, консультациялық-диагностикалық және емдеу-профилактикалық, акушерия-гинекологиялық көмек көрсету;
• жүкті әйелдерді босанғанға дейін диспансерлік бақылау;
• жүктіліктің, босанудың, босанғаннан кейінгі кезеңнің, гинекологиялық аурулардың асқынуларын алдын алуға бағытталған емдеу-профилактикалық іс-шаралар жүргізу;
• әйелдерді профилактикалық қарау;
• жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу контрацепциясы;
• болашақ аналар мектебіндн оқыту.

Жүкті және босанған әйелдерге, гинекологиялық аурулары бар әйелдерге арналған кабинеттер, емдеу шаралары жүргізілетін манипуляциялық бөлмелер, физиотерапиялық кабинет жұмыс істейді, сондай-ақ бедеу, жүктілікті соңына дейін жеткізе алмайтын әйелдерге арналған арнайы қабылдау, контрацепция, етеккір үзілігі алдындағы және соңындағы патологиялары мәселелері бойынша кеңес беруге арналған кабинеттер ұйымдастырылған. Зертхана, УДЗ, кардиотокография, гитероскопия, кольпоскопия кабинеттері жұмыс істейді.