«Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Кураторлық қызметтің жұмыс қорытындысын шығарды.
Осы кезеңде Орталықтың мамандары Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында іссапарда болды.
Сапарлар барысында әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мониторингтен өткізілді, 200-ден астам пациентке кеңес берілді, сондай-ақ дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне арналған 40-тан астам оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды. Ерекше назар ана өлімі жағдайларын талдауға, өңірлерге әдістемелік көмек көрсетуге және заманауи клиникалық хаттамаларды енгізуге аударылды.
2025 жылдың екінші жартыжылдығында НЦАГиП екі ірі конференция өткізеді:
• 26–27 қыркүйекте, Алматы қаласында – акушерлік пен неонатологиядағы анестезиология және интенсивті терапия бойынша республикалық конференция,
• 12 қарашада, Түркістан қаласында – Орта Азия мен Қазақстандағы тұңғыш қазақ әйел-дәрігері Гүлсұм Асфендиярованы еске алуға арналған аймақтық конференция.