«Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Кураторлық қызметтің жұмыс қорытындысын шығарды.
«Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Кураторлық қызметтің жұмыс қорытындысын шығарды.
Осы кезеңде Орталықтың мамандары Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында іссапарда болды.
Сапарлар барысында әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мониторингтен өткізілді, 200-ден астам пациентке кеңес берілді, сондай-ақ дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне арналған 40-тан астам оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды. Ерекше назар ана өлімі жағдайларын талдауға, өңірлерге әдістемелік көмек көрсетуге және заманауи клиникалық хаттамаларды енгізуге аударылды.
2025 жылдың екінші жартыжылдығында НЦАГиП екі ірі конференция өткізеді: • 26–27 қыркүйекте, Алматы қаласында – акушерлік пен неонатологиядағы анестезиология және интенсивті терапия бойынша республикалық конференция, • 12 қарашада, Түркістан қаласында – Орта Азия мен Қазақстандағы тұңғыш қазақ әйел-дәрігері Гүлсұм Асфендиярованы еске алуға арналған аймақтық конференция.