Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында ұжыммен жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясындағы негізгі ережелер мен олардың денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызын талқылауға арнал
Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында ұжыммен жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясындағы негізгі ережелер мен олардың денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызын талқылауға арналған кездесу өтті.
Орталық қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Махмат Мира Махматқызы және комплаенс-менеджер Кожамкулов Мурат Тазабекович жүргізді.
Кездесу барысында Конституциядағы негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар жан-жақты таныстырылып, медициналық көмектің сапасы мен жауапкершілігін арттыру, пациенттердің құқықтарын қорғау, медициналық ақпараттың құпиялылығы және денсаулық сақтаудағы профилактикалық бағытты дамыту мәселелері талқыланды.
Азаматтардың өмірі, денсаулығы мен құқықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалатын адамға бағытталған қағидаттарға ерекше назар аударылды.
Осындай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және денсаулық сақтау жүйесіндегі заманауи басымдықтарды бірлесе түсінуге ықпал етеді.