Қол гигиенасы – медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алудың маңызды шараларының бірі.
5 мамыр Дүниежүзілік қол гигиена күні.
Бұл күнді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдардың қол жуу мәдениетін арттыру және инфекциялардың алдын алу мақсатында белгілеген. Күннің ұраны – «Таза қол өмірді сақтайды!», ал 5.05 күні әр қолдағы бес саусақты білдіретін символдық мәнге ие.
№151 бұйрықтың (06.01.2026 ж. №2 өзгерістерімен) жаңартылған талаптарына сәйкес, хирургиялық қол антисептикасы – инвазивті араласулар алдында терідегі микробтық контаминацияны барынша азайтуға бағытталған қатаң регламенттелген рәсім.
Ол кез келген жедел араласулардың алдында, маңызды инвазиялық ем-шаралардың (мысалы, ірі қан тамырларын пункциялау) және босану алдында жүргізіледі.
Қолдың хирургиялық антисептикасы екі кезеңнен тұрады: қолды механикалық тазарту, қолды тері антисептигімен өңдеу.
Өңдеу кезінде қолмен бірге білек те қамтылады, жылы ағын су, сұйық сабын, шынтақтық дозаторы бар антисептиктер және бір реттік сүлгілер қолданылады.
Механикалық кезеңде қол мен білек 2 минут бойы жуылып, бір реттік сүлгімен құрғатылады. Одан кейін антисептик 3 мл-ден екі рет жағылып, жалпы көлемі 10 мл-ді құрайды, өңдеу уақыты – 5 минут.