ҚР ДСӘДМ Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында нәрестелер реанимациясы мен қарқынды терапия бөлімшесіне, нәрестелер патологиясы мен оперативтік блок бөлімшесіне заманауи жабдықтарды беру жөнінде журналистермен баспасөз турын жүргізу арқылы баспасөз конференциясы өтті.
Қайырымдылық көмек көрсету аясында бұл сыйлықты 2014 жылдың басында құрылған Болат Өтеумұратовтың «Асыл мирас» дербес қайырымдылық қоры жасады.
Баспасөз конференциясында: «Біз бала мен оның отбасының өмір сүру сапасына, тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін, яғни, мемлекетіміздің нәтижелі дамуына әсер ететін жоғары дәрежедегі басымдықтарды қарастырамыз. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығына тапсырып отырған жабдықтар жиынтығы жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге және шала туылған балаларды күтіп бағуға қажетті болып табылады. Аналар мен балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға азды-көпті үлес қосқанымызға қуанамыз», – деп атап өтті Марат Айтмағанбетов.
Қор Орталыққа 2 электрлік аспирациялық сору аппаратын; медициналық газбен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі жабдығы мен қондырғысын; нәрестелерге арналған өкпеге жасанды түрде ауа жіберу аппаратын; фототерапияға арналған 4 лампа тапсырды.
Сонымен бірге, Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры Л.Ақтаева Орталықтың 1975 жылы құрылғанын және жүкті әйелдер мен жас босанған әйелдерге, гинекологиялық науқастар мен нәрестелерге мамандандырылған медициналық көмек көрсететініне тоқтала отырып, ауыр экстрагенитальды және акушериялық-гинекологиялық патологиясы бар жүкті әйелдердің 70% еліміздің түрлі өңірлерінен келіп түсетінін айтты. Осындай үлкен ғылыми клиникалық орталыққа «Асыл мирас» дербес қайырымдылық қорының қаржылық және материалдық қолдау көрсетуінің арқасында Орталықтың материалдық-клиникалық базаның жақсарып келе жатқанын ата өтті.
Биылғы жылы 2 217 жас нәресте дүниеге келді, олардың 182 шала туылған сәбилер. Олардың ішінде 32 жүктілік аптасына дейінгі 47 нәресте.
Жалпы, жыл сайын шамамен 750 нәресте өте төмен дене салмағымен туылады. Әрине, оларға сапалы медициналық көмек көрсету үшін тиісті материалдық-техникалық база қажет. Соңғы жылдар ішінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан материалдық-техникалық жабдықтауға республикалық бюджеттен 170 млн.теңге қаражат бөлінген.
Сондай-ақ шарананың өлім-жітімі 3 есеге, тірі туылған 1000 балаға 1991 жылғы 27,4-тен 2015 жылы 9,39 кеміген. Республикада жыл сайын 400 мыңнан астам сәби дүниеге келеді.
Баспасөз қызметі,
8727300-46-14,
87787004324
No Comments