ҚР ДСӘДМ Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының базасында өткен семинарда жасаған «Этика мен деонтологияның заманауи ережелері» тақырыбында жасаған баяндамасында: «Акушерлік-гинекологиялық стационарлардың барлық қызметкерлері деонтология қағидаларын ұстануы тиіс. Жұмыстың нәтижесі көп жағдайда әрекеттердің тәртібіне, дәрігер-орта персонал-кіші персонал және дәрігер мен дәрігер арасындағы өзара түсініктікке, өзара көмекке байланысты», – деп атап өтті инфекциялық бақылау бөлімінің мейірбикесі Наталья Мерзлякова.
Медицина қызметкерлерінің науқастармен өзара қарым-қатынасы; медицина қызметкерлерінің науқастың туыстарымен өзара қарым-қатынасы; медицина қызметкерлерінің өзара қарым-қатынас жасауымедициналық деонтология аспектілері болып табылады.
Этикалық кодекс мейірбикенің кәсіптік қызметіне нақты адамгершілік бағыттарын береді, қоғамда мейірбике беделі мен абыройын арнттыруға, шоғырландыруға, Қазақстанда мейірбике ісін дамытуға ықпал етеді.
Сонымен бірге осы іс-шарада акушерлік және экстрагенитальды патологиясы бар жүкті әйелдерге арналған бөлімшенің акушері Зарина Таирова «Ақаулары бар жүкті әйелдерді кесар тілігін жүргізуге дайындау ерекшеліктері» тақырыбы бойынша слайд көрсетілді.
Кесар тілігі заманауи акушерияда барынша көп талқыланатын мәселе. Қазіргі кезде қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсері, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруі нәтижесінде генитальды және экстрагенитальды патолгиясы бар, жасы келгенде алғаш бала көтерген әйелдердің саны күрт артқан, осыған байланысты ота жасау арқылы босандыру саны да тұрақты түрде артып келеді.
«Акушердің жұмысы кесар тілігін жасауға дайындау көрсетілімдерін, қарсылықтарын, асқынулары мен ережесінің ерекшеліктерін анық түсінуді талап етеді. Көптеген оталардың, соның ішінде кесар тілігінің нәтижесі тікелей науқасты дайындауға байланысты. Мұндай дайындық психологиялық, физиологиялық шаралармен қатар, санитариялық іс-шараларға тікелей байланысты», – деді З.Таирова.
Заманауи жағдайларда науқасқа күтім жасау үшін фельдшер, акушер, мейірбике күрделі ғылыми, сонымен қатар, техникалық білім мен дағдыларға ие болуы тиіс. Осыған байланысты, орта медицина қызметкерлерінің біліктілігі мен олардың қызметін жоғары кәсіби деңгейде оңтайлы ұйымдастырудың мәні ерекше.
Семинар жұмысына 37 орта медицина персоналдары қатысты.
No Comments