ҚР ДСМ АГжПҒО босандыру жөніндегі үйлестіруші Сәуле Қабылова 2017 жылғы 12 – 19 ақпан аралығында Ақтау, Павлодар қалаларының облыстық перинатология орталығының базасында босандыру қызметінің медициналық көмек көрсетудің интеграциялық үлгісі шеңберінде «Акушерия мен гинекологиядағы ауыр жағдайлар» оқу бағдарламасы бойынша акушер-гинекологтарға арналған шеберлік-сабағын жүргізді.
Ақтау, Павлодар қалаларындағы ОПО бүгінгі күні перинатологиялық көмекті оңтайландыру орталығы бола отырып, жоғары қауіп тобындағы (жүктіліктің ауыр патологиясы, ауыр экстрагенитальді патология, жүктіліктің 22 аптасынан бастап мерзімінен бұрын босанулар) жүкті әйелдерге, босанға және жаңа босанған әйелдерге, жаңа туылған, шала туылған және салмағы аз нәрестелерге салалық және жоғары мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық және бастапқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететінін естеріңізге саламыз.
Осы аталған перинатальдық орталықтарда ДДСҰ ұсынған қауіпсіз аналық; тиімді перинатальды және антенатальды күтім; балалар жасындағы ауруларды интеграциялап жүргізу бағдарламалары енгізілген.
20 Фев
No Comments