Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы базасында «НұрОтан» партиясының Медеу аудандық филиалының «Денсаулық-1» бастауыш партия ұйымына мүше медицина қызметкерлерінің қатысуыменҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»Қазақстан халқынаЖолдауын талқылау бойынша жиналыс өтті.
ҚР ДСӘДМ АГжПҒО директорының орынбасары, м.ғ.д. Ж.Сұлтанова ұжым алдында сөз сөйлеп, ҚР Президенті Жолдауының басты жаңа аспектілерін талқылады. Бұл барлық қазақстандықтарға, соның ішінде дәрігерлерге қатысты нақты істердің бағдарламасы екенін атап өтті.
– Ол өз сөзінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде үшінші жаңғыру шарасын жүргізудің маңызды екеніне және бес институционалдық реформалар бойынша Ұлт жоспарының 80 қадамын іске асыру шеңберінде «МӘМС жүйесін енгізу туралы» жобаны іске асырудың Жол картасы дайындалып, бекітілгеніне тоқталды.
Сонымен бірге, ҚР ДСӘДМ АГжПҒО бас мейірбикесі Алтын Даутова жасаған баяндамасында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілетінін айта келе, бұл сақтандырылған Қазақстан азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік ахуалына, тұрғылықты мекенжайы мен табысына қарамастан, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен медициналық және әрілік көмектің қолжетімді болуы қамтамасыз етілетінін түсіндірді. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекет қолдау көрсететін болады.
МӘМС енгізу нәтижесінде елімізде медициналық көмек көрсету деңгейі едәуір арта түседі.
No Comments