ҚР ДСӘДМ ШЖҚ «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» РМК сәйкестігін бағалау нәтижелеріне сәйкес жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2017 жылға «гинекология» мамандығы бойынша келесі технология түрлерін жүргізуге квоталар бөлінді:
– лапароскопиялық абдоминальды гистерэктомия– 45 ота;
– торлы протездермен жатырдың лапароскопиялық промонтофиксациясы – 5 ота.
Кіші жамбастың түрлі патологиялары кезінде жоспарлы түрде, көбіне лапароскопиялық жолмен оперативтік араласу АГжПҒО оперативті гинекология бөлімшесінің оперативті емдеу қызметінің басты бағыттары болып табылады.
Лапароскопия – тері қабаттары мен бұлшықет тіндерінде үлкен тілік жасамай, нүктелі тесіктер арқылы әртүрлі көлемде оперативтік араласумен ауруларды оперативті емдеу әдісі.
Мұндай технологияның артықшылығы:
– отаның аз жарақаттау тәсілі;
– қысқа мерзім ішінде оңалу;
– косметикалық нәтиже (анық көрінетін тері тыртықтарының болмауы).
Сонымен қатар, АГжПҒО гинекология бөлімшесінде Жапонияның, Ресейдің, Венгрияның, АҚШ, Египеттің және басқа елдердің озық клиникаларында білім алған жоғары білікті дәрігерлер жұмыс істейді.
No Comments